«Мен 15 рет жалдамалы пәтер ауыстырдым және өте көп еңбек еттім».
Салтанат Тұрсынбекова әйелдерді үміт үзбеуге шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Көкшетау қаласындағы «Шанс» дағдарыс орталығында болды. Орталық 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тәулік бойы көмек көрсетеді. Салтанат Тұрсынбекова әйелдермен, мекеме қызметкерлерімен және өңірдегі әлеуметтік сала өкілдерімен тілдесті.
Құқық қорғаушы әйелдерді жарқын күндерден үміт үзбеуге және берілмеуге – өздері және балалары үшін соңына дейін күресуге шақырды.
«Мен сендерге сенемін. Сендердің әрқайсысың мықтысыңдар, ақылдысыңдар. Біз бәріміз өзімізді сабырға шақыру үшін сынақтардан өтеміз. Мен Астанаға 1999 жылы келіп, екі баламды бағып жүріп 15 шақты жалдамалы пәтер ауыстырдым. Мен сол үшін өте көп жұмыс істедім. Көз жасым да төгілді, реніш те болды. Бірақ сіз сынақтарды болашаққа қадам ретінде қабылдасаңыз, мықты және ақылды бола түсесіз. Мені ешкім жоғарылатпады, «аға-көке» де, «таныс-тамыр» да қолымнан жетектеген жоқ. Маған «кет» деген жандар болды. Ондай кездерде мойыған жоқпын, қайта жұмысқа бәрінен бұрын келдім де, түнгі 2-3 ке дейін еңбек еттім. Суық, қараңғы болса да берілмедім соңына дейін отырдым. Бірақ өз жұмысымда бәрін білдім. Командамда 10 адам болса, мен әрқайсысының функцияларын білетінмін және кез келген адам үшін жұмыс істей алатынмын. Осылайша - еңбек пен күрес арқылы біз қалаған нәрсеге қол жеткізе аламыз. Бүгін мен Президенттікке үміткермін. 1999 жылы әлгі қыз бұлай болады деп ойлап па?», - деді ол.