​Салық органдарына берешек мемқызметкерлер рейтингі: Полицейлер көш бастады

0
1 295

Жүргізілген талдау нәтижесінде Алматыда 1312 мемқызметші мүлік салығын уақытында төлемегені белгілі болды.


​Салық органдарына берешек мемқызметкерлер рейтингі: Полицейлер көш бастады

ERNUR.KZ. Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығын төлеуден жалтарып жүрген мемлекеттік қызметшілердің рейтингін жасады, деп жазады ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізілген талдау нәтижесінде Алматыда 1312 мемқызметші мүлік салығын уақытында төлемегені белгілі болды. Бұл рейтингте құқыққорғау органдары мен әскери қызметшілер көш бастады.

Атап айтқанда, қалалық Полиция департаментінің 418 қызметкері 8,6 млн теңге берешек. Ал әскери бөлімдердің 346 қызметкері қазынаға 5,1 млн теңге қарыз.

Сондай-ақ жергілікті атқару органдарының 86 қызметкері 2,5 млн теңгенің, ҚР Ұлттық банкінің 83 қызметкері 982 мың теңгенің, төтенше жағдайлар саласының 51 қызметкері 556 мың теңгенің салығын төлемеген.

Борышкерлер тізімінде мемлекетке 7,2 млн теңге қарыз басқа да меморгандардың 328 қызметкері бар.

Департамент салық төлеуден жалтарған борышкер мемқызметшілердің тізімін 2018 жылдың соңында жария ететін болады.

Қалалық МКД мүлік салығы уақытында төленбеген жағдайда қайта қаржыландырудың ресми мөлшерінің 1,25 еселенген көлемінде өсім жүретінін айтты.

Айта кету керек, мүлік салығын өтеу мерзімі 2018 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған.

Ал көлік салығын 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеуге болады.