Салынып жатқан тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады

0
400

Бұл Pine Hill құрылысына қатысты.


Салынып жатқан тұрғын үй кешенінің үшінші қабаты сот шешімімен бұзылады

ERNUR.KZ. Ерменсай шағын ауданы 7 уч. 8/1 мекен-жайы бойынша салынып жатқан нысанды тексеру кезінде құрылыс салушы үшінші тұрғын үй қабатын заңсыз салына бастағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Рұқсат тек 2 қабатқа берілген. Өткен жылдың қараша айында басқарма сотқа үйді бұзу туралы шағым түсіріп, ол қанағаттандырылмады. Апелляциялық өтініш оң нәтиже берді. Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне еніп, Әділет департаментімен орындалуда", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.