Самат Әбіш ешқайда кетпеу туралы қолхат алды – Бас прокуратура

0
2 730

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Самат Әбіш ешқайда кетпеу туралы қолхат алды – Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қандай бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Самат Әбіш Қазақстанда, ешқайда кетпеу туралы қолхат алған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Бұған дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғасы" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.