«Самұрық-Қазына» мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

0
1 071

Бұдан былай қос мекеме ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ ниетте


«Самұрық-Қазына» мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ERNUR.KZ. Назарбаев Университетінің түлектеріне еліміздің белді компанияларында жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады 24.kz.

Бұдан былай қос мекеме ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ ниетте. Сондай-ақ әл-ауқат қоры оқу ордасының студенттері мен түлектеріне тағылымдамадан өтуді ұйымдастырады.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы: - Меморандумға қол қоюдағы негізгі мақсат - экономика салаларын цифрландыру, адам капиталын дамыту және инновациялық жүйені құруда - өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту.

Осы мақсатта компания биылдың өзінде «Цифрлық жаз – 2018» бағдарламасы аясында 33 маманды жұмыспен қамтыды. Олардың екеуі Назарбаев Университетінің түлегі.