Күдікті азамат жымқырған ақшаны PariMatch және Олимп букмекерлік кеңселерінде ұтылған.
ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты қылмыстық істі анықтады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы соммасы 450 миллион теңге компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі жүргізілуде.
Тергеу кезінде анықталғандай, компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге қаражатты 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған.
Осылайша меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылық жасап, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін «Қазақтелеком» АҚ-ға тиесілі «Кселл» АҚ-ға аса ірі мөлшерде залал келтірген.
Күдікті азамат жымқырған ақшаны PariMatch және Олимп букмекерлік кеңселерінде ұтылған.
Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасуда.