Мемлект басшысы биылғы Жолдауында «сән-салтанатқа салық» енгізуді тапсырған болатын.
ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы қандай мүлікке салынатындығын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналистер министрден сән-салтанатқа салық қандай мүліктерге салынатындығын сұраған болатын.
«Сән-салтанат нысаны белгілі бір жоғары құны, кей жағдайда инвестициялық құны болады. Құнына байланысты градация жүргізіледі. Шартты түрдегі мысалмен айтар болсақ, бұл - яхталар, спорттық көліктер, шетелдегі виллалар, жеке ұшақтар. Міне, дәл осыларға сән-салтанат салығы салынатын болады», - деп жауап берді Әлібек Қуантыров.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлект басшысы биылғы Жолдауында «сән-салтанатқа салық» енгізуді тапсырған болатын.
«Салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізген жөн. Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады», - деген еді ҚР Президенті.