Сәтбаевта кісі өлтіруге оқталған екі күдікті ұсталды

0
473

18 және 20 жастағы екі азамат ұсталды.


Сәтбаевта кісі өлтіруге оқталған екі күдікті ұсталды

Сәтбаевта қару қолдану оқиғасы бойынша екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz telegram арнасына сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 18 және 20 жастағы екі азамат ұсталды. Оның бірі көлік басқаруында болса, екіншісі болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Алдын ала болжам бойынша Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер арасында сөзге келіспеушілік болып, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға орнынан автокөлікпен кету кезінде, күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, ол жерден автокөлікпен ізін жасырған. Жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаға қатысушылардың жеке бастары анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.

Еске салайық, Сәтбаевта сауда орталығының алдында ер адамды атып кеткені туралы жазған болатынбыз.