Сатушылардың жартысы жасөспірімдерге темекі сатады - сауалнама

0
873

Сауалнаманы маркетингтік зерттеулер мен консалтинг саласында қызмет көрсетуге мамандандырылған Alvin Market компаниясы жүргізді.


Сатушылардың жартысы жасөспірімдерге темекі сатады - сауалнама

ERNUR.KZ. Сатушылардың 50 пайызы ғана кәмелетке толмағандарға темекі сатуда жауапкершілікті сезінеді. Бұл туралы Қазақстан сауда кәсіпорындарының қауымдастығы баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстанның Сауда Кәсіпорындары Қауымдастығы (ҚСКҚ) "Adal Nietpen" жобасы аясында құрамында никотині бар өнімдерді сату тақырыбында дүкен сатушылары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама 2020 жылдың маусым айының екінші жартысында сұхбат әдісімен Қазақстан қалаларындағы 400 дүкен сатушысы арасында өткізілді.


"Сатушының жасөспірімге никотині бар өнімді сату туралы шешімінің артында не тұр, осы сауалнаманың қорытындысы бізге жағдайды толығырақ түсінуге көмектеседі", - дейді Жібек Әжібаева, ҚСКҚ басқармасының вице-президенті, - "Зерттеудің кейбір көрсеткіштері Adal Nietpen жобасының тиімділігін өлшеу үшін негізгі индикаторларды сипаттайды", - делінген хабарламада.


Сауалнама қорытындысы бойынша:

- Сатушылардың тек 37 пайызы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға қазіргі күнгі тыйым салуды темекі шегуге қарсы күрестің тиімді шарасы деп санайды.
- Сатушылардың көпшілігі (55 пайыз) ҚР сауда нүктелерінде кәмелетке толмаған сатып алушыларға темекі өнімдерін сатуға тыйым салу толық көлемде сақталады деп санайды; бұл ретте әрбір бесінші сатушы жағдайдың керісінше екеніне сенімді.
- Сатушылардың пікірінше, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салуды сақтамаудың негізгі себебі - қаржылық себептер және табыс алу қажеттілігі (47 пайыз).
- Сатушылардың едәуір бөлігі (37 пайыз) темекі шегу мен никотинге тәуелділікпен күресудегі дүкен сатушыларының рөлін маңызды емес деп санайды.
- Сұралған сатушылардың 53 пайызы өз қаласының дүкендерінде кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату жағдайлары туралы естіген.
- Сатушылардың 54 пайызы кәмелетке толмаған сатып алушыға темекі өнімдерін сату бас тартылса, олар өнімді басқа дүкеннен сатып ала алады деп санайды.
- Сатушылардың 20 пайызы тыйымды бұзған сатушылар бұған жиі жауап береді деп санайды.
- Көптеген сатушылар (91 пайыз) темекі өнімдерін сату ережелерінің толық сақталуын мәлімдейді. Егер әлеуетті сатып алушының жасын анықтау қиын болса, 10 сатушының 9-ы жеке куәлікті көрсетуді сұрайды.

Сонымен қатар, сатушылардың темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілігі туралы пікірлер екіге бөлінді: сауалнамаға қатысушылардың 50 пайызы сатушы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапты болуы тиіс деген пікірді ұстанады, 46 пайызы олардың жауапкершілік аймағына тек дүкенде тауарды сату кіреді және балалар арасында темекі шегуге қарсы күрес үшін ата-аналар мен мемлекет жауапты деп санайды.

Сондай ақ, сатушылар маңызды рөл атқарады, өйткені жас сатып алушылар оларға тыйым салынған өнімдерді сатып алуға келеді. Дүкендердегі сатушылар - бұл балалар темекі мен құрамында никотині бар өнімдерге қол жеткізе алатын "көпір", сондықтан "Adal Nietpen" жобасы бөлшек сауда өкілдеріне сатып алушының жасын бақылаудың маңыздылығын, сондай-ақ олардың кәмелетке толмағандардың болашағына ықтимал әсерін еске салуға бағытталған.


"Кәмелетке толмаған сатып алушылар - бұл тәжірибесіздігіне байланысты өмірлерінде көптеген жылдарға созылатын зиянды әдеттерге ие болатын аңғал жасөспірімдер. Сатушыларды біздің қозғалысқа қосыла отырып, өскелең ұрпаққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз", - дейді ҚСКҚ атқарушы директоры Ермек Рахметов.


Осы жылдың маусымынан басында жүзеге асқан жоба шағын бөлшек сауда өкілдеріне, соның ішінде дүкен иелеріне, кассирлерге және құрамында никотині бар өнімдер мен кәмелетке толмағандар арасында көпір бола алатын барлық адамдарға бағытталған. Жобаның жаңалықтары мен іс-шаралары туралы @adal_nietpen Instagram аккаунтынан білуге болады.

Сауалнаманы маркетингтік зерттеулер мен консалтинг саласында қызмет көрсетуге мамандандырылған Alvin Market компаниясы жүргізді.