Сауалнамаға қатысқандарға 50 мың теңге сыйақы беріледі деген ақпарат тарады

0
1 285

Ведомство алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банк шоттарына қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертті.


Сауалнамаға қатысқандарға 50 мың теңге сыйақы беріледі деген ақпарат тарады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрғындар арасында онлайн сауалнама жүргізіліп, кейіннен 50 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленетіні туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банк шоттарына қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертті.

"Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмау үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сондай-ақ жалған ақпаратты таратқандар заң бойынша жазаланатынын еске салды.