Сауда орындарында берілетін қағаз чек обыр мен қант диабетіне шалдықтырады

0
2 322

Ағзадағы обыр мен қант диабетінің өршуіне әкеп соғады.


Сауда орындарында берілетін қағаз чек обыр мен қант диабетіне шалдықтырады

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Ондаған жыл бойы алып жүрген түбіртектің осындай зияны туралы мамандар айтуда. Алайда, дәл қазіргі уақытта бұл дәйек электронды чекке көшу жағына мүдделілердің маркетингтік қадамы да болуы мүмкін. Ал салық органдары қауіпті түбіртек үшін 100 смартфон сыйлауға әзір, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.

Келесі жылдан бастап барлық саудагерлер мен қызмет көрсетушілер кассалық аппараттарын онлайн жүйеге бейімдеуі тиіс. Ондай мүмкіндігі жоқтар, жаңадан құрылғы алуы шарт. Заң талабы осы. Болмаса, айыппұл төлеуге тура келеді. Бірі жаңа аппарат іздеп жүрсе, бірі ескісін де әлі дұрыс қолданып үлгермеген.

"Андағы сол коробкада жатқан күйі жатады ма сонда? Жатады. Бір айда бір адам сұраса, сұрайды, сұрамаса ол да жоқ. не керегі бар оның? Қаншама адамды қинап, осыны алдырып жатыр. Мынаның қанша тұратынын білесің бе? 65 мың құрығанда қазір сондай болып алған бұл" - саудагер НҰРКЕН АҚАНБЕК.

"Кассовый аппаратқа біз үйреніп қалғанбыз. Онлайнға көш деп жатыр. Көшуіміз керек қой заңды түрде. Енді Үкіметке ешкім қарсы тұра алмайды ғой" - саудагер БАҚЫТБЕК НҰРТАЕВ.

Елордада шамамен 64 мыңнан аса кассалық аппарат қолданылып жатыр. Жартысынан көбі яғни, 39 мыңнан астамы әлі онлайн жүйеге көшпеген. Мамандар аяқ астынан күнделікті қолданыстағы чектің аса қауіпті екенін айта бастады.

Кассалық аппараттан шығатын чек обыр мен қант диабетіне себепші болуы мүмкін екен. Өйткені, қағаз құрамында зиянды зат бар көрінеді. Бұған дейін неге ол туралы жарияға жар салып айтылмағаны жұмбақ. Бәлкім онлайн кассаға өтуді жеделдетудің бір жолы шығар. Ескі аппараттың ішін ақтарып, онлайн жүйеге қосуға болады екен. Бірақ, құрылғыларды сататындар жаңасын алған тиімдірек болады дейді.

"Бұл кассалардың бұл деген тек бір-ақ түрі бір 70 мыңнан басталады. Прошивканы ауыстыру? Прошивканы ауыстыру шамамен 40 мың теңгедей болады" - жоба меңгерушісі ЕРЛАН АХМЕТОВ.

Оның үстіне талап бойынша чекте QR-код болуы шарт. Елімізде қазір жаңа жоба қолға алыныпты. Оған чек беру үшін аппаратты сатып алудың қажеті жоқ. Смартфонға арнайы қосымша жүктеп, айына 3 мың теңге төлеп отыруға да болады.

"Налоговыйдан регистрация жасайды, қазір барлығы онлайн түрде жүргізіледі. Тегін? Тегін. Налоговыйдан регистрация жасау керек, сосын ОФД деген бар. Оператор фискальных данных, сол жерден регистрация жасау керек. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, электронды түрде беруге болады. Кәсіпкерлер осында фискальный чекті жасап, ватсапқа, электронный почтаға жібере алады" - жоба меңгерушісі ЕРЛАН АХМЕТОВ.

Жаңа үлгідегі кассаға көшуді ынталандыру шарасы бұл. Мемлекеттік кірістер комитеті демеушілердің көмегімен чек талап еткіш азаматтарға 100 күнде 100 смартфон сыйлаймыз деп отыр. Ұтысқа ие болғандардың бірі қарапайым касса қызметкері. Үш мың теңгеге сауда жасап, гаджетті иемденді.

«Бірінші сенбедім. Қайталап сұрадым. Іле маған комитеттен звандап айтты. Сол кезде екінші звонокта уже сендім" - тұрғын ГҮЛНАР НҰРМҰХАНОВА.

Жаңа жүйеден кәсіпкерлер де көп пайда көреді дейді салықшылар.

"Мұның жақсылығы, мұның керектігі неде? Барлық салық төлеушілер онлайн кассалық аппаратқа көшкеннен кейін оларда кассалық аппаратты қолдану, қолданбау жөніндегі рейдтік тексерулер жүргізілмейді ондай кісілерге" - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер депатраментінің басшысы ҚҰЛМҰХАНБЕТ ИСАҚОВ.

Экологтар ескі аппаратты қоқысқа тастамауға кеңес береді. Одан келер залал ауыр екен. Аппарат сатушылар оны ауыстырып, жаңасын жеңілдікпен беруге әзір.