Сәукеле киіп жалаңаштанған Шырынның мұрны бұзылды (видео)

0
4 795

Әлеуметтік желідегілер қазақстандық қыздың видеосы шын ба, өтірік пе деп аң-таң


Сәукеле киіп жалаңаштанған Шырынның мұрны бұзылды (видео)

ERNUR.KZ. Жалаңаш суреттерін жариялап, танымал болған қазақстандық қыз Шырын Нарчаеваның соққыға жығылған сәті түсірілген видео желіде тарап кетті. Қолданушылардың айтуынша, әжетханада Нарчаеваның мұрнын сындырыпты, деп жазады sputniknews.

Кадрларда белгісіз біреулер "Мынау Шырын емес пе" деп қызға жетіп келеді. Ашуға булыққан бойжеткендер жас қызды балағаттап, соққыға жығады. Олар Тараз тұрғынының соңғы жазбаларына қатты ызаланса керек. Біраздан соң видеоны түсіріп тұрған ер адам жәбірленушіні арашалап, полиция шақырамын деп қыздарды қорқытты.

(Видеода бейәдеп сөздер айтылған)


Кейбір желі қолданушылары видеоның әдейі хайп үшін түсірілгенін айтып, пікір қалдыруда.

Қазақстандық Шырын Нарчаева – әлеуметтік желідегі кезекті хайп жұлдыздардың бірі. Блогер қазақтың ұлттық киім-кешектерін пайдаланып, жалаңаш түскен суреттерін интернетке жариялап, халықтың жаппай наразылығын тудырды.


Бұдан бұрын елордалық жастар мәслихатының бұрынғы депутаты, модель Динагул Тасова омырауы көрініп тұратын киіммен сән көрсетіліміне шығып, салдарынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ол суреттерін желіге жариялап, әйелдер мен балаларға жасалған озбырлыққа қарсы күресетінін мәлімдеді.

Бұдан бұрын Шымкент тұрғынының төсін жалаңаштаған арудың үстінен сотқа шағым түсіргені туралы жазылған болатын.