Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

0
720

Жақында Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке беріледі.


Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаты Саясат Нұрбек ант берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді С. Нұрбек.

Жалпы отырысында палата депутаттары С. Нұрбекті Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайлады.

Еске сала кетейік, жақында Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке беріледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 наурызда өткен съезд барысында «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды.