​ Саясат Нұрбек неліктен Қазақстандағы ЖОО-да "сырттай оқыту" бөлімі жабылғандығын түсіндірді

0
503

университеттерге онлайн-білім беруге рұқсат беріле бастады.


​ Саясат Нұрбек неліктен Қазақстандағы ЖОО-да

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2022 жылғы 16 шілдеде Үкімет отырысында неліктен Қазақстанда сырттай оқыту түрі жойылғанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Ол сырттай оқудың кемшіліктерін атады.

"Адамдар келіп, белгісіз қысқа берзім ішінде Жоғарғы оқу орнын тәмамдағанын растайтын дипломдар алып жатты. Біз білім сапасын жақсартқымыз келеді, бізге мықты мамандар керек. Қазір біз сапаға басты назарды аударамыз(шамамен. өңд)", - дейді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, университеттерге онлайн-білім беруге рұқсат беріле бастады.

"Енді ЖОО-да сырттай бөлім жоқ. Бұл өзгерісті былтырдан бері енгіздік. Бірақ, онлайн білім беру мен гибридті білім беру жүйесіне рұқсат береміз",- деп түйіндеді ол.