Сбербанкпен арадағы цифрлық платформаның орнына қазақстандық жоба қосылуы мүмкін

0
475

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер министрден «Сбер» тобымен арадағы жобаға қатысты сұрады.


Сбербанкпен арадағы цифрлық платформаның орнына қазақстандық жоба қосылуы мүмкін

ERNUR.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сбербанкпен арадағы цифрлық платформаның орнына отандық жоба іске асырылуы мүмкін екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер министрден «Сбер» тобымен арадағы жобаға қатысты сұрады.

«Геосаясаттың салдарынан біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Яғни одан бас тартамыз ба немесе басқа технологияға көшеміз бе деген мәселе пысықталып жатыр. Бірақ палатформаға көшетініміз анық. Осы орайда өзіміз жасаған жүйе де болуы мүмкін. Біз бір жылдың ішінде тиісті талдау жұмыстарын жүргіздік. Өзіміз жасаған платформаға белгілі бір уақыт пен қаражат керек болады. Талқылау аяқталған соң, бір айдың ішінде толық ақпаратты жариялаймын», - деді Б. Мусин.

Оның айтуынша, цифрлық платформаны тез арада енгізу үшін «Сбер» тобымен арадағы жоба тиімді болды. Алайда ведомствоны бұл бағыттағы жұмыстар бойынша асықтармаса, онда 3-5 жыл ішінде отандық платформаны жасап шығу мүмкіндігі бар.

«Өзіміз технологияларды біртіндеп дамытып, 3-5 жылдың ішінде дайындап шығуға болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр күзде Б. Мусин Сбербанкпен арадағы меморандумға қатысты сбьертүсінік берді .

Сонымен қатар 2021 жылы қараша айында бұрынғы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде Сбербанкпен жасалған меморандумға қатысты пікір білдірді.