Оқиға 7 сәуірде Семей мектеп-интернатында болды. 15 жастағы жасөспірім тамақ ішіп отырып, қақалып қалған. Жедел жәрдем бригадасы келгенше жасөспірім қайтыс болып кеткен.
ERNUR.KZ. Семей интернатында көз жұмған балаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 7 сәуірде Семей мектеп-интернатында болды. 15 жастағы жасөспірім тамақ ішіп отырып, қақалып қалған. Жедел жәрдем бригадасы келгенше жасөспірім қайтыс болып кеткен.
Абай облысы білім басқармасының мәліметінше, жасөспірімге "жеңіл ақыл-ой кемістігі" диагнозы қойылған. Интернатқа Семей психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы негізінде қабылданған.
Дүйсенбіден жұмаға дейін бала № 6 арнайы мектеп-интернатта тұрып, оқып, ал сенбі және жексенбі күндері анасы баланы үйіне алып кетіп жүрген.
"Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары жасалады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - дейді полиция.