Тәртіп сақшысы көмек қолын ұсынған сәтте, қыз биіктігі төрт-бес метр көпірден Ертіс өзеніне қарғып кеткен.
иллюстрациялық фото
Семейде 14 жастағы қыз ескі көпірден секіріп кетті. Өмірден баз кешкен жасөспірімді құтқарушылар Ертіс өзенінен аман алып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Қыздың өзенге секіргелі тұрған әрекетін жол патруль полиция қызметкерлері бірінші байқаған. Бірақ тәртіп сақшылары оны райынан қайтара алмапты. Көмек қолын ұсынған сәтте, қыз биіктігі төрт-бес метр көпірден Ертіс өзеніне қарғып кеткен. Артынша ол судың бетіне қалқып шыққан. Сол сәтте құтқарушылар жедел жетіп, қайықпен жағалауға алып шықты.
Қазір жасөспірім ауруханада жатыр. Оның өмірден баз кешуіне денсаулығының дімкәстігі себеп болған деген болжам айтылуда.