Жануар ғимаратқа терезенің шынысын сындырып, кабельді зақымдап, ішке кірген.
ERNUR.KZ. Семейдегі спорт колледжінің кітапханасына бұғы кіріп кеткен, деп жазады ktk.kz.
Жануар ғимаратқа терезенің шынысын сындырып, кабельді зақымдап, ішке кірген. Колледж қызметкерлері биологиялық орталықтың мамандары мен полицияны шақыртады. Алайда аң қолға түспей, қашып кеткен.
Ал қаладағы биологиялық орталық өкілдері оқиғаны растап, қала тұрғындарының көмек сұрап, жүгінгенін айтты. Бұғының қайда кеткені белгісіз. Бірақ тұрғындардың сөзінше, олар қалаға адасып келген жануарды соңғы рет темір жолдың маңайынан көрген.