Семейде колледж студенттері қарсылық акциясына шықты

0
662

Олар колледждің бас ғимаратын жаңадан құрылатын Абай облысының басқармасына беруге қарсылық білдірген.


Семейде колледж студенттері қарсылық акциясына шықты

ERNUR.KZ. Семейде геодезия және картография жоғарғы колледжінің студенттері қарсылық акциясына шықты, деп жазады semeynews.kz.

Студенттердің айтуынша, колледждің бас ғимаратын жаңадан құрылатын Абай облысының басқармаларының біріне бермек. Ал, әлеуметтік желілерде оқу орнын геологиялық барлау колледжіне қосады деген ақпараттар тарады. Алайда аталған ақпаратты білім басқармасы жоққа шығарды.

"Геодезия және картография колледжі мен геологиялық барлау колледжінің қосылуы қарастырылмайды", – деді Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.