Семейде қолына пышақ ұстап, жалаңаш жүрген ер адам балаларды қорқытты

0
198

​Бұл туралы ақпаратты ата-аналар мектеп чатында жазған.


Семейде қолына пышақ ұстап, жалаңаш жүрген ер адам балаларды қорқытты

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Семейде №29 мектептің жанында оқушының әкесі қолына пышақ ұстаған жалаңаш ер адамды байқаған. Полиция әзірге ол адамды әлі тапқан жоқ, бірақ патрульдеуді күшейтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы ақпаратты ата-аналар мектеп чатында жазған.

«Күйеуім қызымызды мектептен алып кетті. Ол мектептің жанынан бейтаныс адамның қолына пышақ ұстап, жалаңаш әрі әркімге бір тиісіп жүргенін көрді. Қызым қорқып келді, оны алып кетуге күйеуімнің барғаны жақсы болды», - делінген хабарламада.

Оқиға екінші ауысым оқушыларының сабақтары аяқталған кезде кешкі уақытта болған.

Семей полициясына бұл оқиға туралы хабарлама түскен жоқ, алайда құқық қорғау органдары оқу орны аумағында патрульдеуді күшейтетін болды.

«Аталмыш білім мекемесіне екінші ауысымның сабақтары аяқталған уақытта патрульдейтін полиция экипажын қоса алғанда, қосымша күш тартылатын болады», - деп хабарлады облыстық ПД.