Семейде көпірдің бір бөлігі опырылып түсті

0
606

Қауіпсіздік мақсатында әкімдік көпірдегі қозғалысты тоқтатып, жауып тастады.


Семейде көпірдің бір бөлігі опырылып түсті

ERNUR.KZ. Қала әкімдігі көлік пен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді жабу туралы шешім қабылдады, деп жазады baq.kz.

Кеше кешке сағат сегіздер шамасында ескі көпірдің бір бөлігі опырылып құлап қалған. Семей билігі жаяу жүргінші плитасының опырылып түсуіне байланысты көпірді уақытша жауып тастады.

Сағат 20:00 шамасында автожол көпірінің оң жақ тротуар бөлігінде жаяу жүргіншілер плитасы опырылып түсті. Көпір конструкциясының ерекше көзге көрінетін бұзылуы байқалмайды, - деп хабарлады қала әкімшілігі.

Қауіпсіздік мақсатында әкімдік көпірдегі қозғалысты тоқтатып, жауып тастады.

Оқиға орнына Семей қаласы әкімінің орынбасары, Көлік және автомобиль жолдары бөлімінің және жол-патрульдік қызметінің өкілдері барған.

Көпірді мамандар тексеріп жатыр, содан кейін түпкілікті шешім қабылданады.