Семейде тоғыз жасар қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

0
571

Жантүршігерлік оқиға 2022 жылы тамыз айында болды.


Семейде тоғыз жасар қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Семейде тоғыз жасар қызды зорлаған 48 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы "Не Молчи" қорының президенті Дина Смайылова әлеуметтік желіде жазды.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тоғыз жасар қызды зорлаған ер адамға үкім шығарды.

Ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, - деп жазылған хабарламада.

Жантүршігерлік оқиға 2022 жылы тамыз айында болды. Қыздың анасының айтуынша, қылмысты 48 жастағы көршісі жасаған.