Семейлік студенттің жобасына америкалықтар қызығып отыр

0
1 241

Дарынды жас АҚШ-қа шақырту алды


Семейлік студенттің жобасына америкалықтар қызығып отыр

ERNUR.KZ. Алмас Искаков – Семейдегі Шәкәрім атындағы мелмекеттік университеттің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің студенті. Дарынды жастың IT-жобасына америкалықтардың өздері қызығып, қазақ баласы құрама штаттарға шақырту алды, деп жазады altaynews.kz.

Былтыр Алмас бастаған семейлік студенттер «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мұрындық болған байқауға қатысқан. Нәтижесінде, Шығыс өрендеріне АҚШ-қа сапарлап қайтуға мүмкіндік туды. Мұхит асқан жастарымыз, дүйім жұртқа қос бірдей жобаны таныстырды. Оның біріншісі – Meninaqsham.kz сайты. Бұл провайдер инвестициялық сауттылықты арттыруға арналған. Мұнда кез келген жан, startup жобалар жайлы, бизнес әлеміндегі соңғы трендтерді, сол секілді ақшаны қайда жұмсау керектігін әрі инвестиция нарығындағы соңғы тендецияларды бақылай алады.

Жуырда ғана сайтқа краудфандинг алаңын іске қостық. Онда әр адам өз жобасын ұсыналады. Тиісінше, ол инвесторлардың назарына ілігеді. Егерде жоба инвестордың көңілінен шықса, кез келген бастаманы жүзеге асыруға болады, – дейді IT-өнертапқыш.

Әлбетте, қазір сайтты екінің бірі ойлап таппаса да, оны құруға IT мамандарына аса қиындық тудырмайды. «Дәл осындай порталдар саңсып жатыр», – десеңізде пікіріңізді жоққа шығармаймыз. Әйтсе де әйгілі математик Алан Тьюринг абстрактілі есептеуіш машинаны бірден ойлап жоқ. Сол сияқты өнеркәсіптік төңкерістің атасы Никола Теслаға да бейсинхронды электрқозғалтқышты жасауға ұзақ жыл ізденуге тура келді. Сондықтан семейлік Стив Джобстың ізденісі көңіл көншітерліктей. Ізденіс демекші, отандасымыздың нақ екінші жобасы америкалық инвесторларды таңыртқан екен. Бұл ретте сөзді тартып, тізгінді Алмас Искаковтің өзіне бергеніміз жөн.

-Екінші жобамыз – компьютерлік ойын. Оның концепциясына тоқталсақ, алғашқы бөлімі тегін. Бірақта жетілдірліген түрі ақылы болмақ. Бірінші түрі қарапайым ойыншыларға арналған. Онда сан алуан тапсырмалар беріледі. Ал енді нағыз талғампаз ойыншыларға күрделі кезеңдерден өтуге тура келеді. Ол жерде қатысушылар арнайы миссияны орындайды. Бұл ойынның графикасы 3D форматында дайындалған. Аналогия жағынан GTA ойынына ұқсас келеді. Яғни ойыншы бос кеңістікте жүктелген міндеттерді атқаруға күш салады. Десе де GTA-дан қарағанда біздің ойын адамның интеллектуалдық деңгейін дамытуға бағытталған. Тапсырмалардың жауабын таба келе, ойыншы танымын әрі көзқарасын кеңейте түспек. Сол себепті де шетелдік инвесторларға осы жоба ұнады. Ақпан айынан бастап, жұмысымызды сәуірде аяқтадық. Жобаға бес адам тартылды, – деп айтты шығысқазақстандық студент.

Креативті азаматтың бұл соңғы жұмысы емес. Жас дарын өз сөзінде тағы бір ауқымды жобаны пысықтап жатқанын тілге тиек етті. Алайда бар құпияны ашудан әзірге бас тартты. Бір анығы, оның мазмұны нанотехнология, медицина және тағы да басқа маңызды салаларды қамтымақ. Сөз арасында, жас өнертапқыш Қазақстанда өз идеяларыңды іске асыру оңайға тимейтінін жасырмады. Оның қатарластарының шет елдерге ағылуының бір себебі де осыда жатқанын айтады. Өз келешегін де Алмас басқа мемлекетпен байланыстырып отыр. Дегенмен атажұрттан түпкілікті қол үзу оның ойында жоқ. Бар мақсаты – Алашты технократиялық дамуға бастау.