Семейлік жүргізушілер ереуілге шықты

0
574

​Қоғамдық көліктер қала көшелеріне шықпай қойды.


Семейлік жүргізушілер ереуілге шықты

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Семейлік жүргізушілер тағы да ереуіл ұйымдастырды, деп жазады Sputnik.

Қоғамдық көліктер қала көшелеріне шықпай қойды. Сондықтан жергілікті тұрғындар такси іздеп, ақшасы жоқтары жаяу жүруге мәжбүр болды. Автобус жүргізушілері әкімдіктен тасымалдаушыға уәде еткен мемлекеттік субсидияны шұғыл түрде төлеуді талап етті.

"Бұл жұмысшыларға зейнетақы жарнасын аудару үшін жұмсалатын қаржы", - дейді ереуілшілер.

Жасыл автобус жүргізушілерінің бұл жолғы ереуілі аптаның ортасымен тұспа-тұс келді. Мұндағы мақсат – өздерінің көптен шешімін таппай келе жатқан түйткілдеріне қоғам назарын аудару. Өйткені жергілікті әкімдік автопаркті 170 автобус сатып алуға алған несиесін өтемегені үшін банкрот деп жариялаған еді. Дегенмен, жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын бұған қарамастан өз жұмысын жалғастыра берді.

Қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар субсидия бөлінуін және зейнетақы жарнасының аударылуын талап етіп, жұмысқа шықпай қойды. Ал оның кесірі қарапайым қала тұрғындарына тиіп жатыр.

"Сіздер жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындарда келісім-шарт негізінде жұмыс істейсіздер. Сол құжат бойынша оларды сотқа берулеріңізге болады. Өз тараптарыңыздан мұның бірі де жасалмады. Сондықтан мен ешқандай да кедергі көріп тұрған жоқпын. Автобустарды тоқтатып тастағандарыңыз дұрыс емес", - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов.