Сенат сайлауы: Игерілмей қалған "үгіт-насихат ақшасы" бюджетке қайтарылады

0
781

Аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл қаражат толығымен пайдаланылмады


Сенат сайлауы: Игерілмей қалған

ERNUR.KZ. Сенат депутаттығына үміткерлердің сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына деп бөлінген, бірақ игерілмей қалған қаражат ел қазынасына кері қайтарылады. Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина 12 тамызда өткен Сенат сайлауының қорытындылары бойынша өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтты, деп жазады zakon.kz.

"Бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың әрқайсысына республикалық бюджеттен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қаржылық ресурстар қарастырылған болатын. Алайда, аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл қаражат толығымен пайдаланылмады. Осыған байланысты пайдаланылмаған қаражат бюджетке кері қайтарылады", - деді ол.