Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

0
738

Олар басқа қызметке ауысуына байланысты қазіргі қызметтерінен босатылды.


Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

ERNUR.KZ. Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Бауыржан Жұмағұловты, Асқар Смайыловты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметтерінен босату туралы ұсыным енгізді. Президенттің Жарлығымен жуырда Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы қызметіне, ал Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды», - деді Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов

Бұдан бұрын хабарланғандай, сәуір айында Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне Бауыржан Жұмағұлов тағайындалды. Сонымен қатар Асқар Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы болды.