Сенатқа жаңа облыстардан 18 үміткер тіркелді

0
643

Жалпы Жетісу, Абай және Ұлытау облысынан жоғары палатаға жаңадан 6 сенатор сайланады.


Сенатқа жаңа облыстардан 18 үміткер тіркелді

ERNUR.KZ. Жаңа облыстардың атынан сенат депутаты атану үшін 18 адам сайлауға түспек. Кеше тіркеу жұмыстары аяқталды, деп жазады zakon.kz.

Жалпы Жетісу, Абай және Ұлытау облысынан жоғары палатаға жаңадан 6 сенатор сайланады.

Әуелде әр облыстан 11 адам өтініш берген. Алайда Абай мен Жетісу облысынан екі адам өз өтінімін кері қайтарған.

10 адамның құжаттары толық болмай шықты. Тағы үшеуіне өздерін қолдауға қажетті қол саны жетпей қалған.

Осылайша әр аймақтан 6 кандидат додаға түспек.

Сайлау тамыз айының 24-і өтеді. Ал оған жергілікті мәслихат депутаттары дауыс береді.