​Сенатор оқушылардың жыныстық сауатын ашатын жаңа пән енгізуді ұсынды

0
1 409

«Гигиена негіздері» деп аталатын пәнді уролог, гинеколог және эпидемиологтар оқыту керек дейді Айтбаева.


​Сенатор оқушылардың жыныстық сауатын ашатын жаңа пән енгізуді ұсынды

фото: kazakbol.com

ERNUR.KZ. Сенатор жастайынан жыныстық қатынасқа түсетін жасөспірімдердің өміріне алаңдаушылық білдірді, деп жазады ktk.kz.

Балалар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен Сәуле Айтбаеваны ұл-қыздардың 13 жастан бастап темекі шегіп, арақ ішуі белең алу да деп шошытып отыр.

Сәуле Айтбаева, Сенат депутаты:

— Соңғы бес жылда 15-18 жас аралығындағы 33 мыңнан астам қыз жүкті болған. Оның 10-ы жасанды түсік жасатыпты. Мұның бәрі жастардың төсек қатынасы туралы білімсіздігі кесірінен болып жатыр.

Сондықтан, омбудсмен мектепте оқушылардың жыныстық қатынас жайлы сауатын ашатын сабақ енгізуді сұрап отыр. «Гигиена негіздері» деп аталатын пәнді уролог, гинеколог және эпидемиологтар оқыту керек дейді Айтбаева. Онда педагог-дәрігерлер ұл-қыздарға ерте кезден жыныстық қатынасқа түсуге болмайтынын және контрацепцияны қолданудың маңызы туралы дәрістер оқымақ. Әрі шылым мен алкогольдің денсаулыққа қандай зиян тигізетінін жасөспірімдердің санасына сіңірмекші.