9 сәуірдегі жағдай бойынша 25 үй толығымен қираған, 12 үй – апатты жағдайда.
Серік Жұманғарин Ақтөбе облысы Қобда ауылындағы әлеуметтік мекемелердің жағдайын қарап, ондағы тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қобда ауданы орталығында 1 530-дан астам үй бар. Мұнда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған. Ауылдағы 279 үй мен 10 әкімшілік мекеме су астында қалды, олардың арасында мектеп, спорт кешені, дүкендер бар.
9 сәуірдегі жағдай бойынша 25 үй толығымен қираған, 12 үй – апатты жағдайда. Тұрғындар 2024 жылғы 27 наурыздан бастап эвакуациялық пунктілерге орналастырылған.
«Менің бұрынғы 76 шаршы метр үйім саманнан соғылған еді, әрине, проблема көп болды. Қазіргі үйіміз кең, 10 сотық жеріміз бар, бау-бақша өсіруді жоспарлап отырмыз. Мен мұғаліммін, мектепте биолог-географ мамандығы бойынша жұмыс істедім, қазір зейнеттемін. Бүгінде ардагер педагогтар комитетін басқарамын, қоғамдық жұмыстармен айналысамын», - дейді үй иесі Назифа Алдрабекова.
Вице-премьер Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереевке зардап шеккендерге арнап жаңадан үй салуды тезірек бастауды тапсырды. Ол үшін инфрақұрылым жүргізілген орын қарастырылған.
Сонымен қатар Қобда ауданын аралау кезінде Серік Жұманғарин батып кеткен үйлер мен Сауқайың бөгетін аралап шықты.