Шахтадағы апатты жағдайдан кейін ауруханаға түскендердің жағдайы белгілі болды

0
456

Алдын ала қойылған диагноз – метаннан улану.


Шахтадағы апатты жағдайдан кейін ауруханаға түскендердің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Шахтада газ шығуы салдарынан зардап шеккен төрт адам Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, деп жазады zakon.kz.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алдын ала қойылған диагноз – метаннан улану.

Зардап шеккендердің екеуі Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды. Уланғаннан бөлек, әртүрлі дәрежеде жарақат алған тағы екі адам Шахтинскіде.

Консилиум өткізу үшін Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың мамандарынан тұратын санитарлық авиация бригадасы келді (2 нейрохирург және 2 реаниматолог).

3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада газ шығып, төрт адам қаза тапты. Полицейлер "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу бастады.