Шәмшидинова қызметінен босатылып, орнына жаңа министр тағайындалды

0
1 309

Күләш Шәмшидинова қызметінен босатылды.


Шәмшидинова қызметінен босатылып, орнына жаңа министр тағайындалды

Бүгін ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып Асхат Қанатұлы Аймағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"А.Қ. Аймағамбетовті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын", - делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды.


Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.
2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары – Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.
2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
2003-2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.