Шаруаларға 6 млрд текше метрден астам су берілді

0
666

Еліміздің барлық аймағындағы шаруаларға тұрақты түрде су беріліп жатыр.


Шаруаларға 6 млрд текше метрден астам су берілді

«Қазсушар» филиалдары суару маусымында еліміздің шаруаларына 6,12 млрд текше метр су берді. Бүгінгі таңда дихандармен суармалы су беру туралы 23 886 келісімшарт жасалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

«Еліміздің барлық аймағындағы шаруаларға тұрақты түрде су беріліп жатыр. Биыл суармалы судың жетіспеушілігі байқалмайды. Ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін вегетация кезеңіне дейін де көп жұмыс атқарылды. Су дипломатиясы күшейтілді, осының арқасында еліміздің оңтүстігіндегі шаруалар қажетті су көлемін алды. Кейбір шаруа қожалықтары екінші мәрте өнім жинауға дайындалып жатыр»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.