Өңірлерде коронавирус инфекциясы (бұдан әрі – COVID-19) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты Айжан Есмағамбетова қаулы шығарды.
Қазақстандық фермерлер енді құжаты (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) болған жағдайда блокбекеттер арқылы еркін өте алады. Тиісті өзгертулер "Карантиндік шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өңірлерде коронавирус инфекциясы (бұдан әрі – COVID-19) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты Айжан Есмағамбетова мынадай қаулы шығарды:
№33-ПГВр қаулысының 1-тармағы 14-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнына анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде ара шаруашылығында тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектеуді", - делінген құжатта.
Осы қаулының орындалуын бақылауды Айжан Есмағамбетова өзіне қалдырды.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.