Шаштараздар мен сұлулық салондары қай кезде ашылатыны белгілі болды

0
1 232

Сұлулық салоны мен шаштараз сияқты орындарды ашу мәселесі үшінші кезеңде қаралады.


Шаштараздар мен сұлулық салондары қай кезде ашылатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен шаштараздар мен сұлулық салондарының қай кезде ашылатынын айтты, деп жазады Aikyn.kz.

«Сұлулық салоны мен шаштараз сияқты орындарды ашу мәселесі үшінші кезеңде қаралады. Қоғамдық көлік те әзірше жүрмейді. Себебі ол жерде коронавирустың таралу қаупі бар. Сондықтан қоғамдық көлікті жандандыру жұмысы 11 мамырдан кейін нақтыланады. Шешімді мемлекеттік комиссия шығаратын болады», – деді Мәкен бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, блокбекеттер әзірше алынбайды. Өйткені карантин кезінде көлік пен адам қатынасын бақылау қажет.
Айта кетейік, 27 сәуірде карантиннен шығудың екінші кезеңі басталған болатын. Соның аясында қаржы-сақтандыру ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, риелторлық компаниялар, мүлікті бағалау агенттіктері, тұрмыстық техниканы және саяжай заттарын сататын дүкендер ашылды.