​Шекарашылар 60 бас жылқыны ұрлаған барымташыларды ұстады

0
1 578

Таң ата қырғыз жақтан 2 атты жетектеп келе жатқан 1984 жылғы тағы бір Қазақстан азаматы ұсталды.


​Шекарашылар 60 бас жылқыны ұрлаған барымташыларды ұстады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

"Тараз шекара отрядына қарасты «Гранитогорск» шекара заставасының аумағында кеше шекарашылар түн қараңғылығымен Қырғыз Республикасының аумағынан 60 бас жылқыны айдап біздің елге өтіп келе жатқан 29 және 30 жастағы екі қазақстандықты ұстады. Шекарашылар осындай үлкен «олжадан» кейін қайта шыға қоймас деп ойлаған болуы керек, таң ата қырғыз жақтан 2 атты жетектеп келе жатқан 1984 жылғы тағы бір Қазақстан азаматы ұсталды", - делінген таратылған хабарламада.