​Шенеуніктердің қымбат көліктері мен әсем кабинеттері өткенде қалатын уақыт жақындады - Тоқаев

0
2 421

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағандыға келді.


​Шенеуніктердің қымбат көліктері мен әсем кабинеттері өткенде қалатын уақыт жақындады - Тоқаев

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағандыға келді. Сапардың мақсаты - Президент жолдауын түсіндіру, деп хабарлайды ERNUR.KZ әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы активінің алдында сөз сөйлеу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев xалықтың ауқаттылығы – барлық мемлекеттік органдар мен компаниялардың жұмысындағы басым бағыт екенін атап өтті.

- Сапалы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біз барлығымыз көп еңбек етуіміз қажет. Нақты айтсақ, биікте отырып, жетістіктерімізге қанағаттанып, қол қусырып отырмауымыз тиіс, - деді ол.

Сенат Төрағасы билік өкілдері бірінші кезекте әлеуметтік маңызды жобаларды жылдам және нәтижелі жүзеге асыру үшін үнемділік жүргізу керектігін атап айтты.

- Біз осыған дейін, айта кету керек, аяқты кеңге салдық. Енді өмірге деген жаңа көзқарастарды көрсетіп отырған шынайылылыққа үйренуіміз қажет. Жоғары лауазымды шенеуніктердің қымбат көліктер мен керемет әсем кабинеттері өткенде қалатын уақыт жақындады, жай анахронизм болып қалады деп ойлаймын, - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шағын және орта бизнестің өсуін ынталандыру керектігіні нақыт тоқтала кетті. Оның айтуынша, 3 млн 200 мың қазақстандықтар кәсіпкерлікпен айналысуда. Қазір биліктің басты міндеті – бизнесмендер үшін қолайлы климат жасау, сондай-ақ оларды әкімшілік қысымнан босату болып табылады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев экология мәселелеріне де тоқтала кетті.

- Әр аймақ экологиялық проблемаларды шешу бойынша белсенді шаралар қолданулары тиіс. Қарағанды облысы үшін бұл мәселе өте өзекті, себебі мұнда ірі кәсіпорындар бар. Келесі жылы экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін салынатын әкімшілік санкциялардың мөлшерін ұлғайту, экологиялық тексерістер жүргізудің механизмдерін жетілдіру жоспарлануда, анағұрлым өзекті инфрақұрылымдық жобалардың тізімі жасалады және қаржыландыру көздері қайта қарастырылады, - деді ол.

Сенат Төрағасының сөзінде бөлек пункт туризмді дамытуға қатысты болды. Ол осыған дейін аталмыш бағытта жұмыстар айтарлықтай нәтижелі болмағанын айтты – қазіргі таңда ЖІӨ-де туризм үлесі небары 1,3% құрайды. Ол елімізде бірінші кезекте инфрақұрылымды дамыту керектігін атап айтты. Сенат Төрағасының айтуынша, жақын уақытта қазақстандық ЖОО-да туристік салаға байланысты мамандықтар пайда болады.

Кездесу соңында Сенат Төрағасы аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандары үшін облыстық мәслихат депутаттары Нұрғазы Жарылғаповқа және Төреқожа Тілемісовке, Абай аудандық мәслихатының хатшысы Борис Цайға, №1 «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» РММ хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Қайрат Шәкеевке және «№38 гимназия» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермек Келмағамбетоваға құрмет грамоталарын табыс етті.