Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 53 мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды.
ERNUR.KZ. Шет мемлекеттерде жүрген 12 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасамақ. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға мүмкіндік жасалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 53 мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды.
«Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады. ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2022 жылғы 20 қараша, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.
Шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруі жайында алдын ала ескертілген.