Шетелде оқып жатқан 2 мыңнан астам студент Қазақстандағы ЖОО-ларға ауысты

0
940

Кейбір шетелдік ЖОО-лар студенттерге қашықтан оқыту бойынша жағдай жасай алмаған.


Шетелде оқып жатқан 2 мыңнан астам студент Қазақстандағы ЖОО-ларға ауысты

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұған дейін шетелдік жоғары оқу орындарында өз бетінше оқыған қазақстандық студенттерге отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесті. Студентерге құжаттарды рәсімдеу барысында жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жеңілдетілген формат ұсынылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Шетелдік жоғары оқу орындарының басым бөлігі қазақстандық жоғары оқу орындары сияқты оқу жылын қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып бастады. Алайда, кейбір шетелдік жоғары оқу орындары студенттерге қашықтан оқытуды жалғастыру үшін платформалар ұсына алмады.

Тамыз айының басында БҒМ оқуын жалғастыру үшін өзіне байланысты емес себептер бойынша елден шыға алмаған студенттерге көмек көрсете бастады. Алдын ала қабылданған шешімдердің арқасында 2 мыңнан астам қазақстандық студент отандық жоғары оқу орындарына ауысуға ниет білдірді. Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында арнайы жедел желі іске қосылып, құжаттарды қабылдау процедурасы жеңілдетілді.