Шетелден келген қазақстандықтар үш күнге карантинге жатқызылады

0
427

COVID-19 зертханалық анализі диагнозы расталғандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.


Шетелден келген қазақстандықтар үш күнге карантинге жатқызылады

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері шетелден келген қазақстандықтардың жағдайы не болатынын айтты, деп жазады zakon.kz.

Жаңа қаулыда шетелден келген қазақстандықтар мен елімізде тұруға ықтияр хаты бар адамдар Қазақстан Республикасында COVID-19-қа қарсы вакцина алғанын растайтын құжаты мен анықтама қағазы болмаған жағдайда карантиндік стационарда 3 тәулікке дейін оқшауланып, зертханадан ПТР-тест нәтижесі шыққанға дейін ұсталатындығы айтылған.

"COVID-19 зертханалық зерттеуге арналған материалдарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлері алады", - делінген ресми құжатта.

COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін, диагноз расталмағандарға COVID-19 ауруының белгілері түсіндіріліп, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес, қағазға қол қойдыртып алынады.

"Ал COVID-19 зертханалық анализі диагнозы расталғандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды", - дейді дәрігер.