Шетелден ұшып келген қазақстандықтар 2 күн стационарға жатқызылады - қаулы

0
661

Шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді.


Шетелден ұшып келген қазақстандықтар 2 күн стационарға жатқызылады - қаулы

ERNUR.KZ. Шетелден ұшып келген қазақстандықтар егер ПТР тест болмаған жағдайда 2 тәулікке стационарға жатқызылады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынады.

Ал егер келген ҚР азаматтарында анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады.

Еске салсақ, 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтілетіндігі туралы хабарланған еді

Сонымен қатар, Қазақстанға келетін шетелдіктер ПТР анықтамамен ғана кіргізіледі.