Оралда Қарақалпақстан азаматын (бүгінде Өзбекстан құрамындағы автономия) балаларын сатып жатқан жерінен полиция ұстаған.
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетов 3 сәуірде ведомствода өткен брифингте, Оралда екі баласын сатып жіберген Қарақалпақстан азаматының ұсталғанын айтты, деп жазады zakon.kz.
Басқарма басшысының айтуынша, Оралда Қарақалпақстан азаматын (бүгінде Өзбекстан құрамындағы автономия) балаларын сатып жатқан жерінен полиция ұстаған.
"Оралда бала саудасы бойынша 31 жастағы Қарақалпақстан Республикасының азаматы ұсталды. Жас келіншектің 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатып жібергені анықталды. Бірінші факт 2018 жылдың маусым айында орын алған, онда А. әйел жаңа туған баласын одан әрі заңсыз асырап алу үшін Атырау облысынан келген ерлі-зайыптыларға заңсыз тапсырған және екінші факті – 2022 жылдың желтоқсан айында үш жасар қызын Оралдан келген ерлі-зайыптыларға 1 миллион теңгеге сатып жіберген."Қанат Нұрмағамбетов
Ол фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы – кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша тіркелгенін айтты.
2023 жылдың ақпан айында Алматыда ата-ана жаңа туған қызын 2 миллион теңгеге сатпақ болған.