Шетелдік инвесторлар Qazaq Air-ді сатып алуға ниет білдіріп отыр

0
1 795


Шетелдік инвесторлар Qazaq Air-ді сатып алуға ниет білдіріп отыр

ERNUR.KZ. Qazaq Air компаниясын сатып алуға бірқатар инвестор өтінім берген. Мұны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтепов мәлім етті, деп жазады Kazinform.

«Ресми ақпарат шыққанға дейін мұның (Qazaq Air компаниясын жекешелендіру — автор) мән-жайын айтуға құқым жоқ. Менің білуімше, бірқатар жергілікті және шетелдік инвесторлар өтінім беріп үлгерді. Оларға компанияның ақпаратымен танысуға рұқсат етілді. Қазір олар сол мәліметті зерделеп, талдап жатыр», — деді Мират Өтепов баспасөз мәслихатында Kazinform тілшісінің сауалына.

Еске салайық, тамыз айында «Самұрық-Қазына» Qazaq air авиакомпаниясын сатуға шығарды.

Кейін қордың дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан «Qazaq Air» компаниясын жекешелендірудегі басты мақсатты атады.