Шетелдіктердің Қазақстанда тұруына рұқсат беру ережелері өзгерді

0
737

Бұйрық 2022 жылдың 4 наурызынан бастап күшіне енеді.


Шетелдіктердің Қазақстанда тұруына рұқсат беру ережелері өзгерді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы бұйрығымен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгеріс енгізілді, деп жазады Zakon.kz.

Енгізілген өзгерістер «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің тәртібін айқындай түседі. Атап айтқанда, аталған мемлекеттік қызметті алу үшін қажет құжаттар тізіміне өзгеріс енгізілді.

Ішкі істер органдары Қазақстанға келушілерге иммигрант төлқұжатының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге (бір жылдан аспайтын мерзімге) келушілердің келу және тұру ережелеріне сай уақытша тұруға рұқсат береді.

Сонымен қатар жаңа өзгеріске сай мына құжаттар болуы керек:

  • Тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш;
  • Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беру туралы қорытынды қағаз немесе рұқсат беруден бас тартқаны туралы құжат.

Адамға азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы қорытындының нысаны алынып тасталды.

Бұйрық 2022 жылдың 4 наурызынан бастап күшіне енеді.