Шетелге "өтпек болған" бұқалар ұсталды

0
1 330

«Қордай-авто» өткізу бөлімшесінің шекара наряды заңсыз мал асырмақ болған Қырғызстан азаматын ұстады.


Шетелге

ERNUR.KZ. «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінің шекара наряды заңсыз мал асырмақ болған Қырғызстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Baq.kz.

"Қордай шекара отрядына қарасты «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінің шекара наряды бүгін түнде (сағат 1.30-дар шамасында) біздің елден Қырғызстанға қарай кетіп бара жатқан 38 жастағы қазақстандық, Мерседес-бенс 313 (спринтер) автокөлігінің жүргізушісін ұстады" - делінген хабарламада.

Жолаушылар тасымалдауға арналған шағын автобустың салонын тексерген шекарашылар 10 бас, ешқандай рұқсат құжаттарынсыз әкетіліп бара жатқан мүйізді ірі қараны (бұқаларды) анықтады. Бұқалар актіленіп, Қордай ауданының Малдәрігерлік қызметіне тапсырылды.

Сонымен қатар, Қостанай шекара отрядының «Қайрак-авто» өткізу бөлімшесінде шекарашылар 41 жастағы қазақстандықты ұстаған.

"Ол өзінің жекеменшік «Скания» автокөлігімен ешқандай малдәрігерлік сертификатсыз, 250 кг жабайы аңдардың мүйізін Ресейге әкетіп бара жатыпты. Мүйіздер актіленіп Қарабалық аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды" - дейді шекара қызметі.