Шетелге заңсыз шығарылған 1 трлн теңге мемлекетке қайтарылды

0
698

1 трлн теңгенің 600 млн доллары Қазақстанға шет мемлекеттерден қайтарылды.


Шетелге заңсыз шығарылған 1 трлн теңге мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Бір жылдың ішінде шетелге заңсыз шығарылған 1 трлн теңгеге жуық қаражат мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы елдің Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Осы 1 трлн теңгенің 600 млн доллары бұл Қазақстанға шет мемлекеттерден қайтарылды. Оның ішінде Әмірліктен 15 млн доллар, Лихтенштейннен 60 млн доллар, Австрия, Гонконг және басқа да елдерден біршама қомақты қаражат қайтарылды. Ал, ел ішінен қайтарылған қаражаттарды айтатын болсақ, қаражаттан бөлек біз жылжитын және жылжымайтын мүліктерді қайтардық», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.