​Шие сатып тұрған зейнеткер алаяққа алданды

0
2 037

Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.


​Шие сатып тұрған зейнеткер алаяққа алданды

ERNUR.KZ. Ақсу қаласында ер адам 10 мың теңгелік сувенирлік ақша белгісімен есеп айырысқан, деп жазады pavlodarnews.kz.


Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.


- Полицияға алаяқтық туралы арызбен зейнеткер жүгінді. Оның айтуынша кешке базарда шие сатып жатқан кезде оған бейтаныс адам жақындады. Ол зейнеткерден 1900 теңгеге шие сатып алып, екі қабатқа бүктелінген ақшалай 10 мың теңге берген. Зейнеткер ақша белгісін қарап шықпай бірден оны қалтасына салып 8100 теңге мөлшеріндегі қайтарым берді. Қаскүнем кеткеннен кейін ғана зейнеткер ақша белгісінің сувенирлік екенін байқады, - деді баспасөз қызметінде.


Баспасөз қызметінде жәбірленуші алаяқтының жалғыз құрбаны болмаған, полицияға осығын ұқсас тағы төрт өтініш келіп түскен екен. Кесек ақшасы бар тапқыр сатып алушыға базардағы сатушылар тез және артық сұрақсыз қызмет көрсеткенін айтты. Жүргізілген іс-шаралар барысында Ақсу қаласының полиция қызметкерлерімен алаяқтық үшін 40 жастағы күдікті ер адам анықталып ұсталды.


Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК - нің 190-бабы алаяқтық бойынша тергеу жүргізілуде. Осыған байланысты, ведомство облыс тұрғындарын алаяқтардың түрлі әрекеттеріне назар аударуын сұрайды. Сувенирлік ақша белгісінде жоғарыда және төменде қызыл әріптермен «төлем құралы болып табылмайды» деген екі тілдегі жазуы бар екенін еске салады.