Шілдеге дейін 18 мың азамат әскерге шақырылады

0
480

1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдарының 195-ші әскерге шақыру пунктерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастайды.


Шілдеге дейін 18 мың азамат әскерге шақырылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қарулы күштердің Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

"1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдарының 195-ші әскерге шақыру пунктерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастайды. Оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. 2023 жылы 1 шілдеге дейін Қарулы күштерге басқа да әскер құрылымдарының қатарына әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі 18 мың ер азамат шақырылады", – деді Бауыржан Артықов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Артықовтың атап өтуінше, соның ішінде Қарулы күштерге – 7 мыңнан астам, Ұлттық ұланға – 6 мыңнан астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне – 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігіне – 300-ден астам, Мемлекеттік күзет қызметіне – 80 астам азаматпен толықтырылады.