ШҚО-да 10 литр алкоголді түрме аумағына лақтырмақ болған азамат ұсталды

0
605

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/20 колониясында аумақтың сыртқы периметрін бақылау кезінде, мекеме қызметкерлері түрме аумағынан күдікті затты лақтырмақшы болған адамды байқаған.


ШҚО-да 10 литр алкоголді түрме аумағына лақтырмақ болған азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Түрмеге қоршау арқылы алкоголь құйылған сұйықтықтың көп мөлшерін жазасын өтеушілерге жолдамақ болған азамат ұсталды, деп жазады Zakon.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/20 колониясында аумақтың сыртқы периметрін бақылау кезінде, мекеме қызметкерлері түрме аумағынан күдікті затты лақтырмақшы болған адамды байқаған.

Қызметкерлерді көрген күдікті қашпақшы болған. Алайда қызметкерлермен ұсталып, одан 10-нан астам алкоголь сұйықтығы бар бөтелке, ұялы телефондар, зарядтағыштар,құлаққаптар тәркіленген.

"Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды түрмеге кіргізуді болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Мекеме қызметкерлері әрдайым өз міндеттерін мұқият орындауда, - деді мекеме бастығы әділет полковнигі Қайсар Батырбеков.

Ұсталған адам ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылатын болады.