ШҚО-да ақша ұрлап кейін поштаны өртеп жіберген күдікті ұсталды

0
1 130

Ақша пошта бөлімшесінің ішіндегі банкоматта сақталған. Ал ұрлықты оған техникалық қызмет көрсетіп жүрген 22 жастағы жергілікті тұрғын жасаған.


ШҚО-да ақша ұрлап кейін поштаны өртеп жіберген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылындағы Қазпошта бөлімшесінен ұрланған 14 миллион теңгеге жуық қаржының 90 проценті қайтарылды, деп жазады Хабар 24.

Ұрлық ақпанның 13-і күні болған. Қолды болған қаражат жергілікті тұрғындардың түрлі әлеуметтік жәрдемақысы мен зейнетақысы екен. Ақша пошта бөлімшесінің ішіндегі банкоматта сақталған. Ал ұрлықты оған техникалық қызмет көрсетіп жүрген 22 жастағы жергілікті тұрғын жасаған. Ол банкомат кассеталарын ауыстыру кезінде кодты құлыпты ашуға ыңғайлы күйде қалдырып кеткен. Облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, күдікті ізін жасыру үшін ғимаратты өрттеп жіберген. Поштада тек күзет дабылы ғана болған. Ол ғимаратқа кіріп, дабылды өшіргенін мойындап отыр. Бұл туралы пошта қызметкерлерінің ұялы телефонына хабарлама түскенімен, оған ешкім мән бермеген. Оқиғаға байланысты дереу 5 тергеу тобы құрылып, 3 тәулікте қылмыс толық ашылды.

Нұркен Көпжасаров, облыстық ПД криминалды полиция басқармасының басшысы:

– Қазіргі уақытта қылмыс ашылды. Тонау қылмысын, өртеу фактісін жасаған күдікті уақытша қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жасалды. Қазпоштада тікелей қызмет жасамаған. Бірақ банкоматтарды қарайтын компанияларда жұмыс істеген.