ШҚО-да әскери қызметкер өзін атып өлтірді

0
435

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растаған.


ШҚО-да әскери қызметкер өзін атып өлтірді

ERNUR.KZ. Өскемендегі 3477 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметкер өзін атып өлтірді, деп жазады Stan.kz.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.

"29 мамырда бекетте қызмет ете отырып, 3477 әскери бөлімінің әскери қызметкері қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов қарудан бас аймағына оқ атқан, нәтижесінде ол қаза болды", - деді баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп, қызметтік тергеу тағайындалған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

"Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.